Ескі архив · 26.09.2013 10:48

Тілмашқа 120 кеңес

I, II III IV V VI VII. АҒЫЛШЫН СИНТАКСИСІНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 79. Tell, inform және notify етістіктерінен кейін міндетті түрде табыс/барыс септігіндегі зат есім/есімдік болуы шарт: * хабар беру — inform him (her, you, etc.) of/that * Егер басқа тарап шығатын тарапқа келісімі туралы хабарласа, соңғысы… тапсырады — Should the other party notify the withdrawing party of its consent, the latter shall transfer… * He told me / He said Дегенмен advise етістігі табыс/барыс септігіндегі зат есім/есімдіксіз-ақ қолданылуы мүмкін және ауызекі тілде «хабарлау/хабардар болу» деген мағынаны білдіреді: *… хабардар болыңыз — Please be advised that… (хаттарда; немесе бұл тіркесті мүлдем тастап кетуге болады) * Қажетті мәліметтерді хабарлаймыз — Please find below the information required. 80. Enable мен allow етістіктерінен кейін де табыс/барыс септігіндегі зат есім/есімдік жазылуы шарт: * Бұл шығындарды азайтуға мүмкіндік берді — This has enabled costs to be significantly reduced. немесе: This has enabled us to reduce costs significantly. немесе: This has made it possible to reduce costs. 81. Demand етістігі де солай: * Прокуратора АҚ таратылуын талап етті — the Procurator’s Office demanded the liquidation of the JSC; немесе that the JSC be liquidated (“to liquidate the JSC” емес). Етістікке ең жақын тұратын зат есімдердің орындарын ескеріңіз: * Тараптардың бірде-біреуінің екінші тараптан шығындарын өтеуін талап етуге құқы жоқ- Neither of the parties may claim reimbursement of losses from the other party. 82. Recommend пен suggest етістіктерінен кейін инфинитив емес, герундий (не жаңа сөз тіркесі) болуы шарт: * He recommended signing/that we sign… * He suggested signing/that we sign (“he suggested to sign” емес). 83. Possibility сөзінен кейін инфинитив емес, of + gerund болуы керек: * бір нәрсе жасау мүмкіндігі — the possibility of doing smth. or opportunity to do sth; * жарғыны тіркеу мүмкіндігі — the possibility of registering the charter (“registration of the charter” емес). 84. timely сөзі “ly”-мен аяқталған соң үстеу сияқты көрінуі мүмкін, бірақ ол әрқашан сын есім ретінде қолданылады. * ADJECTIVE: уақытылы төлем — timely/prompt payment * ADVERB: қызметке уақытында төлеу — to pay for services in a timely manner, in good time, promptly немесе on time (“to timely pay” емес) Monthly сөзі де солай: * айлық — monthly; ай сайын — every month. 85. * Қорытынды міндетті түрде шартқа енгізілуі тиіс — The opinion must be included in the contract (“is to be obligatorily included” емес). 86. Хаттама жобасын “draft of protocol” емес, draft protocol дейміз. Төрағаның орынбасарлары — deputy chairmen, “deputies of the chairman” емес. 87. Ағылшын тілінде тек жекеше түрде қолданылатын сөздер: Money, interest, land, water, waste, work, income 88. Type сөзінен кейінгі зат есім көбіне жекеше түрде болады: * салымдардың түрі — type of deposit 89. Data, media сияқты сөздерден кейінгілер жекеше түрде үшінші жақта қолданылады. 90. Respectively тіркестің соңында жазылады. 91. Шарттың екі тарабы болса, either/neither қолданылады, ал егер үш не одан көп болса, any/none сөздерін қолданамыз. * Тараптардың ешқайсысы/бірде-біреуі — Neither Party shall… 92. Орыс тіліндегі кейбір дефис арқылы жазылатын қосарлама сөздер ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де дефиссіз жазылады: * предприятие-заявитель – өтініш беруші мекеме — applicant * физические лица — нерезиденты – резидент емес жеке тұлғалар — non-resident individuals * банк-кредитор – несие беруші банк — lending bank * хозяйственные субъекты — естественные монополисты – табиғи монополист болатын шаруашылық субъектілер — entities which are natural monopolists 93. Орыс тіліндегі кейбір жағдайда ұғымдардың арасына тире қойылса, ағылшын тілінде түсінуге оңайырақ болу үшін екі жағына да қойылады: * Источник выплаты — узбекское СП освобождается от налогообложения. Төлем көзі өзбек БК салықтан босатылады. The source of payment — the Uzbek JV — is exempt from taxation. 94. However сөзімен сөйлем бастауға болады, ал but құрмалас сөйлемде жалғаулық шылау ретінде ғана қолданылады. * We requested the information, but… * We requested the information. However…
Авторы:
bizbike

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту