Тауық сою
Тауық асырап көрген адамсыңдар ма өздерің? © Сатыбалды
Шын, мен тауық сойып көрмегенмін соятын да ойым жоқ, бірақ сойватқан кезде ұстап тұрғаным рас еді. Басын балтамен шабайын деп тұрып, маған «жіберіп қойма!» деп ескерткен. Бәлеге ма, балтамен аямай-ақ «тарс» еткенде шошынғаннан жібере салғанмын. Сосын анау басы жоқ тауық ойбайлап қашсын, сол бойы ұстатпай қойды. Міне, саған «тауық сорпа!»
Айтпағым бұл емес еді негізі. Менің бір жеңгем ағама 31 жасында екінші әйелі болып, қыз күйінде тұрмысқа шықты. Сол жеңгем орысша оқыған, тік мінезділеу еді. Барды «бар!», жоқты «жоқ!» деп бетке тіке айта беретін. «Адам біреуді емес өз-өзін әбеспечит ететін болғандықтан істеп жүрген жұмысынан ұялмау керек. Главное, адал ақша тап!» дейтін, ол бір мекемеге басшылық жасайтын да, арзымайтын ақша арыға да, беріге де жетпейтін болғасын түстен кейін бір жекеменшіктің полын жуып қосымша ақша табатын. Ол үшін намыстанып жатпайтын да.
Мен ес жиып, етегімді жапқалы байқағаным біздің айналамыздағы көршілеріміздің бәрі орыстар болатын. Орыс балалармен ойнап өстім. Өзіммен қатар өскен сол балалар, біз оқу бітірген соң оқуға түсіп те жатпады, қатарымнан қалдым деп мұңайып та жатпады. Таня есімді бір көршіміз ауруханаға уборщица болып орналасты. Сол Таняны ауруханада пол жуушы десе ешкім сенбейтін. Себебі ол онда пол жуғанымен жұмыстан шыққанан кейін олигархтың әйеліндей жүруші еді, қолдарын да күтіп ұстайды, киінгені қандай?!
Менің ағайын аға-әпкелерімнің бәрі де орысша сауат ашқан, орысша ойлайды, орысша сөйлейді. Егер бір ойын жеткізу керек болса алдымен орысша ойлап, одан кейін барып қазақша жеткізеді. Солардың бәрі де бір-бір мекеменің бастығы, үлкен қызметтің иелері. Қара жер хабар бермесін, қайбір кездері бір ағамыз жылы орынынан түсіп қалды да, табылған қара жұмыс істеуге намыстанды. Оның түсінігінше «Бастық бастық болып қалу керек!». Келесі бір «жылы» орынды күткен күйі отбасына сыйымсыз болды. Әрине, отбасын асырай алмайтын еркек кімге керек? Сол күйі арақпен достасты да, зейнеткерлікке ілінем дегенше қайтпас сапарға кете барды.
Құдайдың құдіретімен алда-жалда Абай Отар үйіңізге газет әкеп тұратын почтальон болса бірден не ойлайс?
Орныңыздан түсіп қалсаңыз отбасын асырау мақсатында кез-келген қара жұмысқа көндіге аласыз ба? Мысалы, компьютердің алдынан бір жола түсіп, стройкаға кетсеңіз?
Қазақ десе өзіңе тиеді, айтпақ ойым орысты ақтап, қазақтарды даттау емес. Абайдың өзі "өнер-орыста" деп кеткен. Орыстың тілін емес, дінін емес, арағын емес өнерін, сабырын, жақсы жағын жұқтырсақ қайтер екен?
Осы шынымен-ақ тауық асырап, сойып көріп пе едіңіздер? Немесе жұмсақ креслодан жерге түсіп, тауық сою қиын ба?
