Ескі архив · 17.10.2013 15:43

Малдан бата алған бала

Ел жаққа барған соң ауыл тірлігіне араласпасаң тағы болмайды. Екі қолды желкеге қойып, екі тістің арасынан «шырт» түкіріп жататындарды ол жақта ұната қоймайды. Сондықтан да айт алдында ауылға барған мен ауыл тірлігіне бел шеше кірісіп кеттім. Ағамның жаз бойы шапқан шөптерін тасыдық. Айта кету керек біздің жақта қазір шөптің ( «анау» емес, кәдімгі көде, селеу, жусан тектес шөптер) тоннасы 7-8 мың теңгеге баланып тұр. Өткен жылғыға қарағанда арзан дейді жұртшылық. Бұл әрине, шөпті сатып алатындарға пайдалы болғанымен, сатушыларға тиімсіз.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту