Ескі архив · 18.10.2013 13:13

КерекИнфоның Мұнарасы

Құрметті сайттастар, Осы күзде «Нұр Медиа» холдингі өздерінің алғашқы ақпараттық сайттарын ашты. Мұнара деп аталады. Сайттың негізгі мазмұны холдингке қарасты БАҚ өкілдерінің ақпараттарынан құралады. Сондай-ақ өңірлердегі тілшілердің де жаңалықтары қосылады. Танымал блогерлер де бұл сайтта колумнист ретінде жазбаларын жазуда. Сайт редакциясы КерекИнфолықтардан құралған. Daniar-Alan мультимедиа редакторы, aikarakoz SMM менеджер, <ls user=«aizhuka аудармашы-редактор, мен осы жобаның басқарушы-редакторымын. Колумнистерді де танисыздар: Nurgisa patick kozildirik zholantai ushkin (Бұл тізім әлі де ұлғаяды) Өңірлердегі тілшілеріміз қатарында да КерекИнфолықтар бар. Олардың қазір тізімдері нақтылануда. Кейінірек жазамын Сайтымызға күнде бір рет кіріп тұрсаңыз, дос-таныстарыңызға да айтып тұрсаңыз қуанамыз. Сайттастарымыздың қолдауын сезінгіміз келеді. Әлеуметтік желілерде де бізге қосылыңыздар. Үлкен рахмет! Munara.KZ Facebook Instagram Twitter Вконтакте МойМир
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту