Қазақтар нағыз "НАЦИКТЕР"
"Қазақтардың бір-бірін көре алмаушылықтың сыры неде" деген сұраққа ойлана келе осындай тұжырымға келдім. Неге дейсіз ғой?! Түсіндіріп көрейін… Алдымда 2л кола мен парламенттің бір пашкесін қойып алып, арзан пәлсәпаға кірістім. Тарихты оқысаң бәріне қол қоясың. Ұлтыңа да, тіліңе де, еліңе де… Қапа боласың. Сатқындық, алдау, алалау, көре-алмаушылық… Бір рет қана басы біріккенін білем. Анекдоттар да ол туралы жеткілікті. Щәршәп жүрген тек қазақ. Тілім, дінім, ұлтым, алашым және т.б. осындай арзан ұрандармен тек компьютер алдында ғана жанашырлық танытуға шамасы келеді. Милары да тек соған жетеді. Қаззақтардың тек «тілім» деп ойран соғып жүрген кезде өзге ұлттар үлкен проблемалар шешіп жүреді. Біздің сорлап артта қалған ұлтымыз әлі төмен деңгейміздің төңірегінен шыға алмай жүрміз. Деңгейіміз сол… Жалпы неге «НАЦИК» деп атады дейсіз ғой?! Жан-жаққа қараңызшы. Шымкентте өзбектер мен орыстар, Алматыда ұйғырлар, дұңғандар мен орыстар, солтүстікте тек орыстар барлық мықты деген кәсіп орындарын жаулап алған. Біз "қолынан келген адам істейді ода тұрған не бар" деп қоямыз да өзіміздің қазақ көтеріле бастаса болды «аяғынан шала бастаймыз»… Өйткені сондай халықпыз. Қонақты сылаймыз, өзімізді аямаймыз. Өзге ұлттарды қонақ ретінде қабылдадық, қонақ ретінде қалдырдық… Өзіміздікі ретінде көрмейміз. Сондықтан да тиіспейміз. Барып тұрған «нацизм» бұл. Басқаша атау мүмкін емес. Орыс қазақша сөйлесе таң қаламыз, зоопаркте маймыл көргендей. Таң қалып жатсаң онда сен нағыз «нацистсің»… Өйткені ҚР азаматы ретінде қабылдамайсың. Мына шулап жүрген ұлтшылдардың шын мәнінде жаны ашып жүргені шамалы. Өзін пиарлап бір жылы жерде отырғысы келеді. Басты мақсат ақша табу. Шіркін-ай… Ал «НАЦИСТЕР», қалай ойлайсыңдар?
