Ескі архив · 14.12.2013 14:51

Өлең

Өлең – ақын, өлең – шабыт, өлең – ұйқас, Өлең – батыр, жорыққанда өрен айқас. Өлең – дос, пенделікке рух берген Өлең асыл құндылық, өлең – шайқас. Өлең саған ақыл берер данаң болар. Өлең – сырлас, қиындықта панаң болар. Өлең – алтын, сарқылмас қазынамыз, Өлең – білім, таусылсаң санаң болар. Өлең – тіл, байлығымыз дара тұлға, Өлең – патша, біріншілер санатында. Қара халық басына іс түскенде Осы өлең хан алдына баратында. Өлең – ән, жүректерден орын алған, Өлең – шешен, көсемдерді орып алған. Өлең тылсым дүние түсінгенге, Өлең – тұлпар, жүйріктердің жолын алған. Өлең – кітап, жинағы парақтардың, Өлең – пенде, куәсі сұрақтардың. Құдіретін өлеңнің түсінсе деп, Осы өлеңмен өздеріңе сыр ақтардым. Самат Жүзбергенов 01.12.2013 ж.
Авторы:
25021192

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту