Ескі архив · 18.12.2013 21:34

Оқып көр, ой салар...(3) "Арналар тілімен"

«Түңгі студиядағы»(Қазақстан) «Риясыз әңгіме»(Қазақстан): — «Сөздің шыны керек»(31 арна) бүгінгі жүгенсіз кеткен билікті тәубесіне келтіру «Мүмкін емес...»(Еларна),- деді ел ағаларына өкпесі қара қазандай жігіт. — Не болды сонша, Мәскеу бір күнде тұрғызылды деймісіз? «Бәрі де мүмкін»(Еларна)… — Еее, шіркін, сіздерге салса, «Айтуға оңай...»(Қазақстан) — 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын «бірлігі жарасқан» еліміздің егемендігіне нұқсан келтіретін сөздеріңізді "қылмыс" деп тауып, осы отырғаныңызда «жаза»("Қылмыс пен жаза". Қазақстан) қолданайын ба..?! — Маған үкім шығаратын сіз емес, "Өз сөзім өзімдікі"(31 арна). — «Біз»(Хабар) "Ұлт мақтанышы"(Қазақстан) Елбасымыздың жарлығы бойынша Қазақстандағы 130 ұлттың дәрежелерін тең ету жолында маңдай терімізді аямай төгіп жүрсек, сіздейлер тірсектен тістеп, аяқтан шалып әлек. — Сіздердің «тең ұлтты» мемлекет құрамыз деген сөздеріңізді жамылып, өз елімде өзгелердің үстемдік құрғанына шыдай алман. Біле білсеңіз, «Бұл — менің Қазақстаным»(Қазақстан). Өз жерімде өзім бас көтере алмайтын болдым ғой… — Бұл сізді «Алаң»датпауы(Қазақстан) тиіс! — Сіз өзі қазақтың жауы емеспісіз? — … — Сізге «Дауа» жоқ екен...,- деп ашулы жігіт орнынан тұрып кетіп қалды. Бірақ, әлі талай «Айтылмаған әңгіме»(31 арна) бар еді…
Авторы:
daryn

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту