Ескі архив · 24.12.2013 23:55

Сіздің жаңа жылға көзқарасыңыз?

Қайырлы күн керекшілер!!! көп болды блог жазбағалы, бүгін өзекті тақырыптардың бірі жаңа жыл туралы керекшілердің ойын білігім келіп отыр. Қоғам болып қосылып, ел болып бірігіп тәуелсіздік тойлауы аяқталысымен қоғам пікірі екіге жарылады. тойлайтындар немесе бар білгенін айтып жаңа жылды таттаушылар ал сіз қай жағындасыз. жалпы ғаламторды ашып қалсаңыз тілек іздеп шапқылағандармен тойлау дұрыс па деген сұрақ қойғандар толып жатыр. сонымен тойламайын деушілердің пікірі мынау. ]1. Мұсылмандарға жат мереке. яғни христан мерекесі деп санайды. ұстанымдары: Құрлысшымын десең құрлыстан, инжинермін десең техникадан, зергермін десең зергерліктен қысқаша айтқанда қандай кәсіппен айналыссаңыз да сол мамандықты жете меңгеру шарт болғандай, өзімізді мұсылманмын десек сол атқа лайықты әрекетті жасау біздің басты міндетіміз. Мұсылман болып Аллаһқа мойынсұнған соң Аллаһ сүймейтін нәрселерден бойымызды аулақ ұстауымыз тиіс 2. мен қажетімді стакан көтеріп Жаңа жылдан емес, Жаратушыдан сұраймын деушілер, ұстанымдары: арақ пен шараптың мерекесі.күнәлі істердің көбі жасалар мереке деп санайды, артық шығын, бей берекет қылмыс осы мерекеде жасалады. тәбиғатқа деген қатігездіктің көкесі де осы мереде болады. Наурызда жайқалтып егетін шыршаны ЖЖ да жайартып саламыз. 3. Салт дәстүрге берік жандар. ұстанымдары: Қазақ қай атасынан жаңа жыл тойлады. әрине кеңес үкіметі орнағаннан бері. сондықтан керегі шамалы деп санатйындар. жаңа жылды тойлайтыдар ұғымы: 1. Мереке ретінде санайтындар. демалысқа жақсы сылтау. достармен бас қосады, ішеді, жейді, тояды.көңіл көтереді 2. Дүрмекке ілесетіндер. мен одан кемін бе дейтіндер немесе басқаларда тойлап жатыр ғой дейтіндер 3. Діни мереке ретінде санайтындар мен өз пікірімді кейінірек жаза жатармын.">
Авторы:
Ereimen

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту