Ескі архив · 25.12.2013 03:10

Менің жан дүнием

Құрметті замандас бауырлар, бүгінгі таңда жан дүниесімен сырласатын пенделер аздың қасы. Менде сол бір аздардың бірі болып бір сәтке болсада жан дүниеммен сырласып қараған едім. Қателігім болса түзету сіздерде. Сіздердің назарларыңызда! Менің жан дүнием… Бүгін, осы өмірімдегі көрген-білгендерімді саралап, ой түйіндеп, жан дүниеммен сырласқалы отырмын. Оған себеп, мен көргендермен жүрегіме жақын тартқандардың ішінен өзіме таныс жандардың маған деген көзқарастарын жүрегімде тізбектеу. Алғаш дүние есігін ашқан сәтімде менің жан дүнием анама ғана бағынышты, анамды ғана біліп, анамды ғана сүйе алғанмын. Анамның бойына біткен нағыз адамгершілік қасиеттерінің барлығы дерлік менің де жан дүниеме сіңе бастады. Осылайша өмірлік саяхатым басталып, бірнеше сатылардан, өтпелдерден өтіп келемін. Жаратушы иеміз пенделерін жаратқаннан кейін сол жаратылғандарына қуанышты кездер, бақытты сәттер, мейірімге толы кезеңдерді һәм бірнеше сынақтарды сыйға тартады екен. Жақсылығымен келіп жатырған қуаныш, бақыт, мейірім деген түсініктер адам баласына жылы тигенімімен көпшілігіміз жаратушымыздың сынақтарына төзіммен қарай алмай жатамыз. Осы аталған жайттарда көрсетілгендей меніңде басымнан азды көпті сынақтар мен тәжірибелі кезеңдер өткені жан дүниеме ғана таныс. Әрине бүгін мен туғандарма, баурларыма, достарыма деген, сондай-ақ дінге, қоғам, отанға деген сүйіспеншілігімді аса зор бағамен бағалап, үлкен бестігі бар нүктемен толықтыра отырып, бүгінгі таңдағы жастар арасындағы жәйтқа тоқталғалы отырмын. Сонымен, көптеген адамдар өз өмірінен көптеген қателіктер жіберіп алып жатады. Алайда жіберген қателіктерін түсінбей, байқамайда өте шығады. Мәселен, бұл тақырып аясы қазіргі таңдағы жастар арасындағы махаббат дастанында бой алып жатады. Замандастарымның арасында жақсылығымен келген, сондай-ақ көркіне тамсаным ұнату, ғашық болу, сүю деген сөздер аталып жүр. Ол арине қызбен жігіт арасындағы сүйіспеншілік, бір-біріне деген бауырмалдық. Сүйіспегшілік – бір ғана түсінікпен немесе бір ғана оймен жеткізе салатын сезім емес. Ол, мәңгілік тамыры жайылар, бірінші адамнан екінші адамға даритын ұлы сезім. Бауырмалдық – сөйлесе жүріп, бірін-бірі білісе жүріп аз ғана уақыт ішінде емес, ауқымды таныстықтың нәтижесінде пайда болатын адамның көз қарасы іспетті сезім түйсігі. Міне, осы аталған екі ұлы сөздің құдіретін түсінбей өтпелі кезеңмен байсалды өмір сүріп жүрген замандастарымның көзқарасына деген жойқын күрес жатыр менің жан дүниемде. Соңғы түйін, соңғы сөз: Алдамасын пенделер бірін-бірі, Оған жоқ жаратушының көрімдігі. Жан дүниенің соғысы бітпейді екен Таусылмаса «надандық» білімдігі. Самат Жүзбергенов
Авторы:
25021192

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту