Бұл қай керекші?
Уа, барша Будда дінінің қадірменді христиандары, бүгін кезекті бір эстафетаның шетін(соңы болуы да мүмкін) шығарғым келіп отыр. Бір кісіге сұрақтар қойған(мүмкін жазған немесе терген) едім, жауаптары осылай болды. Хуинтуиция мен логикаңызға, болмаса қаззақтарға жат емес менмендігіңізге сүйкене отырып(тұрып тұрсаңызда болады) жауап беріңіз, жауапты мектептегідей екі рет берем десеңіз, қатты қателесесіз, әр адамнан универдің емтиханындағыдай бір ғана жауап қабылдаймын. Сонымен, тұрыста ұрыс жоқ дей отырып:
1. Керекте сіз үшін кімнің пікірлері орындылығымен, құндылығымен ерекшеленіп тұрады?
Кен, Назгүл, Алдекендердің пікірлері құнды, себебі біріншісі, Кен-өте тапқыр, бір сөзбен біраз аумақты қамтитын, ойландыратын пікір жазады… Ал Назгүлден өнеге алар қырлар көп, оның бір басындағы қаншама проблемаға қарамай позитивті адам болып жүргенінің өзі қандай?! Әрі жақсы кеңесші… Ал, Алдекең ацтқанда-жаман айтады… Т.е. ары қарай сенің пікіріңді ақтаймын деп шаппатауға шамаң қалмайды, өте ударный, четкий, конкретный пікірдердің иесі…
2. Егер жақын адамыңыз, досыңыз, туысыңыз сізді ренжітті делік, ренішіңізді ұмыту үшін қанша уақыт жұмсайсыз?
Жалпы, кім және не үшін?-екендігі маңызды. Негізі, тез ренжігішпін,,,, мойындаймын, жеңіл-желпі нәрсе болса ұзамай ұмытып кетем, ал егер серьезный ренжітсе (алдаса, сыртымнан маған сатқындық жасаса (ондай әлі болмапты) кешірмейтін сияқтымын. Жоқ, кешірмеймін. Кек аламын.
3. Керекте қай тақырыпта жазылған жазбаларды оқымайсыз немесе ашып қарамайсыз?
Саясатқа қатты жақындағым келмейді… Айналып өткенді дұрыс санаймын. Ешкімге кері пікір айтып та таласқым келмейді. Бұл тақырып маған жат.
4. Джеки Чанның қай киносын Оскарға ұсынар едіңіз, не үшін?
Сорри, Джекки!!! Мен «Кто Я»-ны ұсынар едім… Неге десеңіз, балалықтың бал күндерін еске салатын фильм… Видеокассетасын 20 қайтара қойған киномыз шығар… Ағам достарын ертіп әкеп, платно көрсететінбіз ғой, мен есіктің аузында ақша жинап тұрам… Ех, ақшадан таршылық көріп өстік қой сол кездер үшін ұсынар едім…
5. Саясатта ойып алар орныңыз бар делік, халыққа пайдалы қандай әрекет жасар едіңіз?
Алдымен жетім балаларға барар едім.
6. Микробтар бір-бірін көреді деп ойлайсыз ба? Және неге олай ойлайсыз?
Керемет сұрақ! Әркім өз теңін көреді ғой. Бір кісінің ақыл-есі кемдеу бір баласы бопты. Біраз жасқа келгенінде соны үйленіпті дегенді естіген біреу әкесіне құтты болсын айтып отырып сұраған екен:-Қалай енді, балаңыздың халі бізге аян, келін қандай екен?- дегенде.- Ей, шырағым, қандай дерің бар ма, бір боққа бір боқ былш етті ғой!-деген екен. Сол сияқты микробтар боқ құрлы бар шығар…
7. Сүйікті анекдотыңыз?
Сүйікті дей алмаймын, бірақ рахаттана күлгенім рас. Ұятсыз ғой Е! Бір еркекке әйелі тіптен бермей қойыпты, еркек емшіге кеп шағымын айтыпты. Ол оны 2 жылдық жаяу баратын алыс жолға жіберіпті, онда 1 шөп өсетінін, соны жаяу алып келу керектігін айтыпты. Байғұс еркек жолға шығыпты. Екі жыл дегенде арып-ашып әлгі аталмыш шөпті емшіге әкеп берген екен. Емші: ЕНді бұл шөпті үйге апарып қайнатасың, Суығанда сүзіп, диванның аяқ жағына жерге қойып қоясың депті. Түнде әйелің «су әкелші» дегенде, анау жерде тұр өзің ал де! Алайын деп еңкейген кезде бар да кіріп кет!-деген екен… ақымақ анекдот дерсіздер, мейлі, өзім күлдім, соңғы естігенім де осы, жалпы…
Офистан: Сұрақтарым күлкілі болса, жайырақ күлсеңіздер деген өтініш-тілегім бар. Сонымен бұл кім деп ойлайсыз?
