Ескі архив · 11.01.2014 23:42

Макроэкономика және білім беру

Макроэкономика оқулығында: жапондық компьютерлік фирма, құны қамтамасыздандырмаған акциялар шығару арқылы өндірістеріне қосымша қаражат тауып, оны кеңейтіп, акцияларын ақшалай қамтамасыздандырып, үлкен кәсіпорынға айналғанын мысалға келтіріліпті. Экономикадағы «көзбояушылық» түбінде жеміске немесе дефолтқа әкеледі. Дефолтқа әкелмей –ақ қойсын. Батыл қадам жемісін берсін. Қазақстанда білім беруде өзгерістері аз, көп болсын бар. Өзгерістердің қайсысы жақсы, жаман әсерін тигізді? Өте көп сөз. Оқушы болған кезімізде алғашқы рет білім беруде өзгерісті он бір жыл оқытуға көшуден байқадым. Он екі жылдық оқытуға көшетіміз анық. Осы екі арада, жиырма жылдан артық уақытта, білім жүйесі тәжірибелі кезеңнен өтті. Тәжірибелі кезең экономикалық өзгерістерге сай келіп, дұрыс өтуіне қиындықтар туғызды. Тоқсаныншы жылдардың ортасында ақша құнсызданды. Жекелей тауар түрлеріне баға он, жүз емес мыңға дейін қымбаттады. Екі мыңшы жылдың бірінші үш-төрт жылына дейін экономикамыз әне –міне деп тұрды. Ақша құнсызданған секілді мектепте оқушыға қоятын баға да құнсызданды. Жиырма, жиырма бес жыл бұрынғы мектеп журналдарындағы төрт пен бестің проценттік қатынасын есептейік. Осыдан жиырма жыл бұрын төрт пен бестің проценттік қатынасы 20-60 болса, қазір 60-90 арасында. Ол білім деңгейін көтерілгенін көрсете ме? Қазір мектепте оқыған қызық: жаңа пәндер көп, техникалық қамту жоғары және мектептердің түрі көп. Бірақ та білім жүйесінде ата-ана деген инертті бөлігі бар. Оның көбісі «жеке тұлға» деген тәжірибелі кезеңнің мектеп түлектері. Мұғалім «тұлғасы» жөнінде айта кету керек. Мұғалімдерге де адами мінездер жат емес. Оларда қоғамнан шыққан. Түбінде оқушы және мұғалім жағы бейімделуден өтті. Нәтижесі, 60-90 проценттік «жалған» сапалық көрсеткіш! Оқушы жеке тұлға, мұғалім болса, оқушы бетіне қарап отыруға бейімделіп алды. Қазір экономикалық батыл қадамдар жасалып, қандай да болсын ресурстар табылып, дефолтқа ұшыраған жоқпыз. Яғни, макроэкономикалық жағдайымыз жақсарып келеді. Экономикадағы жағдайымызға сай -оқушы білімі 60-90 проценттік «нағыз» сапаны көрсетсін. Он екі жылдық мектептен осындай өзгерісті күтемін. Сурет алынған жер 13.01.14 20:15 өзгеріс енгізілді (сөздердің аяғы жөнделді)
Авторы:
bake

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту