Ескі архив · 20.01.2014 22:38

Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН «Көрмей, білмей аңсағанмын өзіңді», Сәби жүрек не құдірет сезінді? Паналайтын шаңырағыңа ұялап, Қарлығаштай сезінемін өзімді. Ана сүті таңдайымда татыған, Жырларым бар өзің жайлы тасыған. Топырағыңа бір табаным тисе егер, «Арманым жоқ»,- деп өскен ем осыдан. Тағдыр солай… Жүрсек те біз әр елде, Жиналармыз бәріміз бір әуенге. Тербететін Анашымның бесігі, Жалғыз отан — "ҚАЗАҚСТАН" әлемде! Қадам бастым аңсап-талып мен де ерте, Рахмет тәңіріме мың мәрте. ҚАЗАҚСТАН жаса, жайна мәңгілік, Біздің ғана бакытымыз — бұл өлке!
Авторы:
AknietTanirbergenkyzy

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту