Ескі архив · 11.02.2014 10:29

Осы сенің кім болғаның?

— Неге жылайсың? – деймін көзімнің бір қиығын ғана салып. — Неге деп ойлайсың? — Қойшы осы сұраққа сұрақпен жауап бермей. — Бізде неге осылай болды? Неге мені тастап кеттің? — Сен неге мені сөйлетуге жаның құмар? — Менімен дөрекі сөйлесесің… Тап бір жезөкшемен сөйлескен секілдісің. — Тілімді қышытпа дедім ғой саған — Шын ғой, өтірік деші… — Демеймін, ақыры бастаған екенсің айтайын онда. — Ия, құлағым сенде… — Тек өкініп жүрме, сен туралы не ойлайтынымды айтамын. Мен сен туралы жақсы ойламаймын. Ия, біз көңіл қосамыз, төсектепіз, ашынамыз… Бірақ бізде, сенде де, менде де махббат жоқ. — Менде бар ол махаббат, сенде жоқ, сен тасжүрексің. Неге мені сүймейсің? — Сүйе алмаймын, есіңде ме, біздің алғаш кездескеніміз. Сол күн, сол түн қалай өтіп еді? Мен сені бір көріп ұнаттым, іздегенім сен шығар деп ойладым. Бірақ сол кездескен күні-ақ сен маған беріліп қойдың емес пе? Сол сәттен бастап сенен жиіркенемін. Бірақ «бұтағымның» мауқын басу үшін таптырмайтын сұлусың, тартымдысың? Ия, жыла, жылай бер. Бірақ одан менің ойымды өзгерте алмайсың. Менімен көңіл көтеріп жүріп, менен үмітің болмаған соң бір аңқауға тұрмысқа шықтың. Осы жолы оған не өтірік айтып келдің, тағы төркініңді ме? Енді айтшы мен сені не үшін сүймекпін? Әлде менімен жатқан әр түніңді, осы түн үшін айтқан өтірігіңді махаббат үшін істедім деп ойлайсың ба? Әлде осылай келе берсем түбі қаратып аламын деп үміттенесің бе? Басыңда ми болса, жөнің мен жігің түзу жан болсаң жатпайсың ба отауыңда отағасымен бірге. Нестеп жатырсың менің қойынымда иленіп? Ол үнсіз… Осының бәрін еш шімірікпестен айтып жатырмын, ал ол болса еңкілдеп жылап жатыр. Білемін мен дәл қазір қатыгезбін. Бірақ оған жұмсақ болудың еш қажеті жоқ. Ал, ол болса еңкілдеп жылап жатыр. Бір жағы жаным ашып кетті. Басын көтеріп иығыма қойдым да құшағыма қыстым. Біраз еңкілдеп жатып басылды. Біз тағы тәтті сезімге бөлендік, таң атқанша ләззат алмастық. Әдеттегідей төсектегі іс-әрекетіне қанағаттанып жатырмын. Ол қойынымда пысылдап ұйықтап жатыр. Тағы да жиіркеніш! Осы сенің кім болғаның...?!
Авторы:
KONILDI

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту