Ескі архив · 11.02.2014 14:00

Құштарлық

Мақпал түндер жұлдыздарын жаққанда, Мен ұқсаймын бақытымды тапқанға. Бүгінімді ертеңіме жалғаған, Құштар жаным арайланған ақ таңға. Жан шығармын құштарлықтан жаралған, Оңашада сыр тартамын ғаламнан. Бесігіңе бөле мені, тіршілік, Әлдиіңді кем көрмедім анамнан. Құстар әнін аспан тыңдап жатқанда, Ұқсадым шын шаттығымды тапқанға. Шуағыңды төк, төбемнен жарық күн, Ойға батсам маужыраған бақтарда. Дала жатса ұқсап мынау керімге, Жүрегімді ән тербейді менің де. Айналама сәби көзбен қарасам, Құштарлығым шығар, бәлкім, өмірге…
Авторы:
AknietTanirbergenkyzy

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту