Тілегім бар
-Қымбат автокөлік алмаңдар, доллар қымбаттайды, -т.с.с. сөздерді жақтамаймын.
Дегенмен, соңғы екі жылдағы бағаның көтерілуі алаңдатады. Автобус бағасы 50% бірден көтерілді, 40 теңгеге 20 тенге қосылды. Доллар бір күнде 20 теңгеге қымбаттап құны 185-ке теңесті.
Қарапайым арифметика. Түсінікті натурал сандар.
Жақсы автокөлікті немесе соңғы үлгідегі смартфонды т.с.с. сапалы аяқ киімді, өмірлік маңызы бар дәрі-дәрімектерді –қысқасы: елде жоқ тауарды сатып алуына тиым жасай алмайсың.
Экономикалық саралауымды тоқтатайын.
Сонымен не айтқым келеді дейсіздер?
Теңгеміз тәуелсіз болса ғой. Оған деген сенім берік болса, ақша құны туралы сәл ұмытсақ, ісімізде оң болар еді.
Утопиялық идеялар түбінде рационал идеялар әкеледі демекшімін. Утопияның ішінен рационал шешім іздейік. Теңгеміз туралы идеям -бірінші утопиялық идеям болсын.
Екінші утопиялық идеям. Қажет қызмет, зат елден табылады. Іздеп көр, сізге-бізге белгісіз мүмкіншіліктер қаншама!
Үшінші утопиялық идеям. Үйдің құны долларға туелдігінен арылсын. Долларға тек тура импортталатын заттар ғана тәуелді болсын.
Осындай ойлар кезек-кезекпен кете береді, көп-ақ. Әрине, елді басқарған үкіметте біледі істің мәнін. Ел азаматтарын басқарып, бостан-босқа жеке бас шеше алмайтын идеяларды іздеткізбесе:
-Құдай бұйыртса.., елмен көргенін көрерміз, -деп отыра, ебін тауып, санымызды көбейтіп, ісімізді алға жылжытып, кәсібімізді өрге домалатып -біздің жағдайымыз осындай, -десек жарасып кетер еді.
P.S.: Натурал сандар -деп табиғи жолмен пайда болған сандарды айтады. Бүтін сандар жазған соң натурал сандар деп отырмын. Әйтпегенде жазбада көрсетілген сандар ироционал сандар, яғни табиғи жолмен пайда болмаған.
