Ескі архив · 28.02.2014 00:08

Теріскейде блог-бәйге басталайын деп жатыр. Жүлдесі мықты!

Сонымен құрметті, ағайындар! Қызылжарда алғаш рет блог-бәйге өтейін деп жатыр. Я, Иә, кідімгідей ресми түрде. Жүлдесі де жаман емес! Байқаудың мақсаты: Теріскейде блогосфераны дамыту. Блогосфера дамыса қазнет те алға жылжиды деген сөз. Байқауға кім қатыса алады: Солтүстік Қазақстан облысында тұратын кез-келген (жас ерекшелігіне, фигурасына және т.б. қарамай) ниет білдірушілердің барлығы. Ескерту: байқау тек қазақ тілінде. Тақырыптары: 1. Эссе түріндегі, көлемі орташа жазба жазу. ӘЛЕМНІҢ КІЛТІ ӘЙЕЛДЕ! (8 наурызға орай — ана, әже, қыз, келіншек, әпке, қарындас, ене, жеңге, келін, медбике, ұстаз, дәрігер, актриса, студентка, кондуктор, байдың қатыны, кешегі-бүгінгі, психологиясы, қоғамдағы, саясаттағы, ортадағы орны және т.б. әртүрлі жанрда жазылған қызықты пост); 2. Суреттер сөйлейді. ТЕРІСКЕЙІМ! (СҚО, Қызылжар, аудан, ауыл, мәдени, тарихи орындар, ойын-сауық орталықтары, қала тынысы, демалыс орындары және т.б. әр сурет қысқаша түсініктемемен); 3. Видео-блог. Тақырыбы: Махаббат немесе СҚО Тұлғасы (тақырыбына идея болса, жаза отырыңыз); Кім бағалайды: Әр турды 5 танымал, тәжірибелі блогер бағалайды. Кімнің уақыты бос болады соларды тартамыз және әр блогердің берген бағасы жарияланып отырады. ЖҮЛДЕСІ: Ең көп балл жинап, үздік шыққан 3 адамға Қарағандыда 24-25 наурыз өтетін Блог-құрылтайға жолдама, яғни сапары толығымен тегін болады. Жаман емес деп ойлаймын))) Шарттары: үш тақырыптың қайсына жазсаңыз да посттар 5-15 наурыз аралығында арнайы сайтта(байқаудың сайты ашылады) жариялануы тиіс. 17-18 наурызда қорытындысы шығарылып жеңімпаз анықталады. Әр байқаудан бірінші орын алғандар Блогкэмпке барады. Жалпы осылай. Құрметті қазнеттің қасқалары бұндай байқау бізде бірінші өтейін\өткізейін деп жатырғасын сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек. Не қосасыздар, не аласыздар? Кез-келген ұсыныстарыңызға қуанышты боламыз! Әсіресе тақырып таңдауға көмектесіп жіберсеңіздер. Сосын қазылар алқасына кімдерді ұсынасыздар, мен болайыншы дегендер бар ма? Сұрақ: Блогосферадан түсінігі мүлдем жоқ немесе аз аймақ үшін байқау шарттары тым қиын емес па? Біз өзімізше тырыссын, ізденсін, үйренсін, істесін деп шештік. Тек мықтылар ғана Блогкэмпке барсын деп отырмыз.
Авторы:
FaraOn1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту