Ескі архив · 09.05.2014 23:01

Қарапайым сусын - ашыған

Біздің жақта ашыған(ашытпа) деп аталатын сусын бар, құрамы қарапайым, дайындалуы жеңіл, денсаулыққа пайдалы, қарапайым өлі суды ауыстыра алатын, шөліңді қандыратын әрі тек қазаққа тән, көнеден келе жатқан сусын. Құрамы; 1. Қажетіңізге қарай күріш, арпа, бидай, т, б 2. Су 3. Айран, қатық 4. Тұз Ашыған үй жағдайынд оңай дайындалатын сусын екенін жоғарыда айта кеттім, енді дайындалу жолына тоқтала кетсек. Алдымен қажетті дақылды таңдаймыз, менің таңдауым ақ бидайға түсті. Өзімізге қажетті мөлшердегі суды тұз қосып қайнатып аламыз, кейіннен ақ бидайды салып тағы бір қайнатып аламыз, қайнаған соң судың түрі дақылға байланысты өзгеріп кетеді. Ендігі мақсат осы өнімді ашыту, ашыту үшін кемінде 1-2 күн қажет болады. Салқын емес жерлерде, күн сәулесі түсетін жерлерде сақтауға кеңес берер едім, ал бұрынғы заманда ашытқы қосып ашықтан деген болжамдар бар. Ашыту процесі біткеннен соң қалауыңыз бойынша ағарған(айран, қатық) қосуыңызға болады, айранның мөлшері көп емес, шамамен 100-200 грамм шамасында болса жеткілікті. Енді дайын сусынды құйып алу ғана қалды, арнайы құтыға құйып алып, тоңазытқышта сақтап қоямыз. Негізінен басқа сусындар секілді бұны да салқындатып ішкен дұрыс. Соңында бізге қазақтың кәдімгі қара көжесі болып ақ бидайдың көжесі қалады, манағы айраныңызды араластырып бидайдың көжесін жеп алсаңыз тоқ жүресіз, ас болсын! .
Авторы:
Ispek92

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту