Ескі архив · 22.05.2014 15:40

АҚҚЫРТАУ

Аққыртау, аппақ қырқа сайын далам, Құдайы ырзығынан айырмаған. Жусаныңа жұпарлы аунап өскен, Шаңырағыңа бас иді шайыр балаң. Аққыртау, аппақ өлке адыр мекен, Маңдайыңа бақ жазған Тәңір бекем. Ата сақал аузында шалдар түгіл, Алты жасар ұлың да қадірлі екен. Аққыртау, сырларың көп ақтармаған, Қойныңда дұшпан жатқан аттандаған. Топырағыңда Күреңін кісінетіп, Жотаңда жауға қарай жортқан бабам. Аққыртау, құлаш құшақ киелі аймақ, Майлыөзек ақ жағаңды сүйеді ойнап. Сабадан сарқа ішкен сары қымыз, Абадан аталарым бие байлап. Аққыртау, Жалғызтөбе, шағыл құмдар, Шағыл құмды шөктірді сағым жылдар. Биіктегі сексеуіл кешкен ғасыр, Бейіттегі шалдарды сағындыңдар… Аққыртау… 06.05.2012 жыл
Авторы:
zhasulan-serik

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту