Ескі архив · 02.07.2014 11:16

Мақпал Исабекованың жаңа клипі

Биылғы жаз Қазақстан шоу-бизнесінде жемісті болған сияқты. Көп әнші бейнеклип түсіріп жатыр. Біреуінің ел алдында абыройы артып жатса, біреуінің қанша жылдық еңбегі бір күнде жоқ болғандай әсер алуда. Қалай болғанда да, олар еңбектеніп жатыр. Мақпал Исабекова соңғы кезде ерекше киініп, сапалы клиптер түсіре бастады. Кеше ғана көрермендерге жол тартқан Сеземін клипі сондай сапалы, әнші де әдемі. Ринго тобының продюсері Алуа Қонарова бір ғана топпен шектелмей, Juniors тобына да продюсерлік етуде. Жас жігіттерден құралған бұл топ жастар арасында сұранысқа ие. Juniors тобының «Шула бiзбен» атты клипі шықты. Өте көңілді, позитивке толы клип.
Авторы:
kaztube

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту