Ескі архив · 12.07.2014 18:28

Сабын мен дін

Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді: -Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, оыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой ?! Иманды кісі сабыншының бетіне бір қарады да: — Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені, олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? — деп уәж айтады. Сабыншы дереу қарсы шығып: -Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не? -Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер шариғаттың талаптарына барлық пенде мойынсұнса күллі дүние баяғыда түзілген болар еді,- деп діндар жауап қатады. ( «Жәннатқа асығыңдар» қауымдастығынан алынды)
Авторы:
AknietTanirbergenkyzy

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту