Ескі архив · 14.07.2014 23:10

EAC-тан сапа өзгерді ме?

EAC — бұны сіз де күнделікті тауарлардың қаптамасынан байқап жүрген боларсыз.EAC — (ағылшынша.Eurasian Conformity) — Кедендік Одақ және Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық ренламенттерінің барлық талабына сәйкес келетін тауарға таңбаланатын марка.Бірақ та тауарға таңбаланғанымен тех.регламентке сәйкес келмей тұрғандай, себебі ресейлік тауарлардың қазақша жазылған нұсқасы өте қате болып отыр оны мына суреттерімнен байқауға болады. Өндіруші және сатушы Ресейдің Астрахан облысында орналасыпты.Телефон соқтым, орысша моторымды қостым).Телефонды орыс кемпірі ұстады.Мәдиенттілікті сақтау деген атымен жоқ.Мән жайды айтып едім, айғайға басып өзің дұрыстап ал дегендей әңгіме айтты, кейінрек дұрыстап көрерміз деді… Достар қазақ тілін қорлайтындардың тауарларын елге кіргізбейік.Ендеше сіздер де осыған үлес қоссаңыздар.
Авторы:
Abay

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту