Ескі архив · 02.09.2014 09:55

Шу даласында жазылған «жыр» (Нашақордың назы)

Ха-ха-ха-ха! Мына дала қорқынышты! Күтіп жаттым сол түн 3-ті… Келем деген сайтан… келмей Құсығымды бөркім «ішті...» Ха-ха-ха-ха! Мына дала күлкілі ме?- Түн жетпейді бұл түніме. … Манағы шөп сөйлеп еді- Анау тұрган гүл тірі ме? Ха-ха-ха-ха! Мына дала… дарақы ма? (Қуам мен де ара-тұра...) Себеп – малға пішен емес Уыс шөп ап жалақыма… Ха-ха-ха-ха! Мына дала тылсымды ма? Қойды өзіне құлшындыра. Сыбырлайын айға қарап, Не бітірем құр шыңғыра?!.. Ха-ха-ха-ха! Мына дала дүрмекті ме? Келер күнді күндеп, түге!.. … Ия, солай, гүл қадірсіз Бес жапырақ құрметті де… Ха-ха-ха-ха! Мына дала жылап тұр ма? Көп әйтеуір сұрақ құлға… Өмір – ойын, (Казино емес!)- Мүмкіндігің бір-ақ турда! Ха-ха-ха-ха! Ха-ха-ха-ха! Бұл «өлеңді» лақтырма! … Уаааахаахаха!
Авторы:
arlandoit1986

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту