Ескі архив · 17.09.2014 19:06

Быратанға сыр. Бокалдар сыңғыры

Сыра қайда? Сырымыз да жоғалган… Сырахана — опа-мекен оралған? Сендік сезім сол пәледен тоналған Сендік төзім сол немеден тоналған … Шаршап кеттім қоғамнан… … Сыра қайда? О, Быратан, Шайтанға күна «пайда!» (Тұлпарлықтан дәметіпті құла тай да.) Сен жүрсің-ау ғашық боп бір жәлепке Мен де жүрмін жете алмай бір «апайға»! … Біз сондаймыз- Табыспас тағдырлармыз… Дүниеден атпайтын таңды ұрлармыз! Әлімсақта ар жайлы әңгіме айтар Пешенеде пендені таң қылған қыз… … Біз өмірді өксікпен жандырғанбыз Саптыаяққа үніліп, өкпе айтып Қиялменен қияға қанғырғанбыз… … О, Быратан! Не демексің?!.. Сен менің «мендігімді» елемепсің. Өмірде табыспаған көңіліміз Ар алдында қабыссын демеп ек шын… … Керекпін бе? Мені де сүйші, пәле! Күмбірлейді көкейде күйші-дәме! Өмір-ай, өксігіміз көз алдында … Быратан, сары сырадан құйшы, кәне!
Авторы:
arlandoit1986

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту