Ескі архив · 07.11.2014 18:58

Көк түсті Роза

Қыстың басы. Бірінші қар түсіп, еріп күн қайта суытқан кез. Қара суықта Күн жоғары көтерілмей қатпар-қатпар сұр бұлтты қас етіп түйіп алыпты. Кеш гүлдеген гүл күнге қарапты. Күннен жылу сұрапты. Бүріскен жапырақтары жайылмайды, солып, кеуіп сынғалы тұр. -Аяшы күн мені, жылуыңды бер! Күн гүлдің жалбырынғанын естігенімен жыл мезгілін ескеріп жауап бермепті. P.S.: Табиғаттың жаратқанында көк түсті роза гүлі болмайды. Қыста гүл гүлдемейді. Әр істің өз кезегі, мезгілі бар.
Авторы:
bake

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту