Ескі архив · 09.11.2014 01:11

Сен - қазақсың!

Орындаушы: Бағлан Әбдірайымов. Сөзі: Күләш АХМЕТОВА. I. Сен – қазақсың! Қазақ деген ел бөлек, Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек. Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр, Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек. ҚАЙЫРМАСЫ: Сен – қазақсың! Ұлы дала – тұғыры. Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры, Тірескеннің дірілдеткен тізесін Тұлпарының тұяғының дүбірі! II. Сен – қазақсың! Қазынасы – нәсіп, құт. Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық. Жерің, суың, тауың сұлу соншалық, Көрген көзден кететіндей жас ытқып! ҚАЙЫРМАСЫ: Сен – қазақсың! Ұлы дала – тұғыры. Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры, Тірескеннің дірілдеткен тізесін Тұлпарының тұяғының дүбірі! III. Сен – қазақсың! Қазақ едің туғанда! Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да, Ата жұрттан, Ана тілден айрылма, Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда! ҚАЙЫРМАСЫ: Сен – қазақсың! Ұлы дала – тұғыры. Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры, Тірескеннің дірілдеткен тізесін Тұлпарының тұяғының дүбірі! Тірескеннің дірілдеткен тізесін Тұлпарының тұяғының дүбірі!
Авторы:
Kurmangazy

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту