Ескі архив · 12.11.2014 22:17

Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Жақында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына Қазақтелеком блог-турына шыққан едік. Компанияның біраз жаңалықтарымен, жетістіктерімен таныстық. Құрылғанына 20 жыл толған Қазақтелекомдағы мен байқаған бір ерекшелік — қызметкерлердің тұрақтылығы. Қайда барсақ та ұзақ жыл жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерді көрдік. Демек комапнияда тұрақтылық бар. Тұрақтылық бар жерде жас қызметкерлердің сенімділігі де бар деген сөз. Жастар осы салада карьера жасағысы келеді, осы компанияда болашақтарын көреді. Бұл сөзімнің дәлелі Қазақтелеком жастары құрған Жастелеком ұйымы. Жастелеком алғаш рет 5 жыл бұрын Көкшетау қаласында Ақмола ОТД-да құрылған екен. Кейін бұл бастама бүкіл республика бойынша жалғасып, 2012 жылы бүкілтелекомдық, республикалық ұйым құрылыпты. Қазақтелекомда жұмыс істейтіндердің 37 пайызы жастар, жалпы 12 мыңға жуық жас қызмет етеді. Олардың жартысынан көбінің еңбек өтілі 5 жылдан асқан, ал 4 пайызы басшылық қызметте. Жастелекомның негізгі қызмет ба­ғыт­тары: оқыту және дамыту, ин­но­ва­ция, әлеуметтік мәселелер, мә­дени-көпшілік шаралар мен ден­саулық сақтау. Жалпы Қазақтелекомда өтетін барлық іс-шараларға жастар белсенді түрде қатысады. Жастелекомдық белсенді жастар жылына бір рет республикалық форум ұйымдастырып, жиналып тұрады. Салауатты өмір салты — жастелекомдықтардың басты ұстанымы. Жастардың біліктілігін арттыру басты міндеттердің бірі. Жастар мерекелік шараларға белсенді қатысады. Жаңа Жылда қызметкерлердің балаларына тегін Аяз Ата мен Ақшақар да болады. Қызметкерлердің балаларына түрлі акциядар ұйымдастырылады. Ата-анасының жұмыс орнына экскурсиялар, концерттер, түрлі конкурстар да Жастелеком ұйымдастыратын шаралар. Солтүстік Қазақстан ОТД жастарының өнімі «Наша Северяшаны» қазақтелекомдықтар сүйіп қарайды.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту