Ескі архив · 01.12.2014 00:01

Блогиадашылар әні

Блогиадаға бір ән арналмаса оғаш шығар? :) Барлық қатысушылардың атынан «Блогиадашылар әнін» қабыл алыңыздар. Орындайтын Асқар Базарбай. Блогиадашылар әні Сөзі: Әйгерім Кеулімжай Әні: Асқар Базарбай 1. Көктем қызу басталды, Көркем көңіл, жас жанды Отыз екі блоггер, Сақадай-сай аттандық. Тақырыпқа сан түрлі, Сюжет іздеп шарқ ұрдық. Фотореп, видеореп, Апта бойы бар тірлік. Қайырмасы: Бұл – блогиада, блогшының сапары, Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған! Бұл – блогиада, контентке сапалы, Бұл – блогиада, миллионын ұсынған! 2. «Он екіге он қалды!» Жазбаменен байсалды, Пікірталас туғызып, Оқырманға ой салдық. Жегідей жеп сан күдік, Бағаларды аңдыдық. Әділдіктің бес қазы Символы ғой мәңгілік! Қайырмасы: Бұл – блогиада, блогшының сапары, Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған! Бұл – блогиада, контентке сапалы, Бұл – блогиада, миллионын ұсынған! 3.Сең қозғалып, жөңкілді. Өткір ойлы, өр тілді Блогшылардың үнінен, Қазнет қайта серпілді! Қайырмасы: Бұл – блогиада, блогшының сапары, Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған! Бұл – блогиада, контентке сапалы, Бұл – блогиада, миллионын ұсынған! Рахмет саған, блогиада! Суреттер қатысушылардың блог-жазбаларынан алынды
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту