Ескі архив · 06.12.2014 07:47

Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.

Android қосымшаларын Windows-та қолданудың көптеген жолдары бар. Соған байланысты түрлі эмуляторларды мысалға келтіруге болады. Ғаламторды шарлап, BlueStacks деген ыңғайлы да түсінікті бағдарламаны таптым. Бірақ оны эмулятор деуге келмейді, себебі Apk файлдарды ашатын Player-дың қызметін атқарады және ол эмуляторда қажет ететін барлық баптауларды автоматты түрде жасайды. Енді бағдарламаның өзіне көшейік. 1. Бағдарламаны мына сілтеме бойынша жүктейміз → www.bluestacks.com/ 2. Оны орнатамыз (орнату процесі мен оптимизация 5-10 мин уақыт алады). 3. Орнатылып болған соң төмендегідей терезе ашылады. 4. Ендігі қадамда «пернетақтаны» баптап алуымыз керек. «Все приложения» бетіне өтеміз. 5. Настройки. 6. Дополнительные параметры. 7. Язык и ввод. 8. По умолчанию → «Аппаратура» дегенді сөнідреміз. 9. Тілді таңдаймыз. «Язык системый» сөндіріп, қажетті тілдерді таңдаймыз. 10. Келесі қадамда Настройки → Добавить аккаунт деп жәшік логинын жазу керек. 11. Поиск бетіне өтіп, Play Market-ке кіру үшін кез келген сөз жаза саламыз. Ары қарай бәрі түсінікті). Ескерте кететін жағдай: Бағдарламадан кіріп-шыққан сайын СЕГІЗІНШІ қадамды қайталап тұру қажет(((. Бұл бағдарлама Android қосымшаларының мүмкіндіктерін зерттеуге, смартфоныңыз көтермейтін ойындар мен бағдарламаларды орнатып қолдануға ыңғайлы.
Авторы:
droidtar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту