Ескі архив · 06.12.2014 16:32

"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды

КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты. Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды. 4 жюри тарапынан бағаланған блогерлердің қорытынды рейтингі мынадай: • ademi_alem — 37,75 • Aya — 35,25 • tomarlik — 34,25 • qonyrbai — 29,75 • NazerkeAbibulla — 24,25 • Basic — 23,25 • AydosRymkul — 21,75 • ErbolAliaskaruly — 13,75 • tauewki — 7,25 • Maqta_qyz — 7 • FaraOn1 — 6,50 • AlmasNakhypbek — 5,50 • Sunshine — 5,00 • Kuralayka — 4,00 • DinarNahypbek — 1,50 4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер: 1-орын: Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы) 2-орын: Ая Өміртай (Астана қаласы) 3-орын: Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы) Жеңімпаздарды құттықтаймыз! «Керек тілші» сайысының қорытындылау 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өтеді. Жарыс жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады, белсенділік танытып ондыққа кірген блогерлерге арнайы диплом және естелік сыйлықтар беріледі. Астана, Д.Қонаев к., 12/1
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту