Ескі архив · 15.12.2014 23:55

Компьютерді смартфоннан басқару

Алдыңғы мақаламда Смартфонда мәтінді компьютер арқылы енгізуге қажетті қосымшаны жазған едім. Енді осыда керісінше компьютерді Смартфон арқылы басқару қосымшасы жайлы қысқаша нұсқауды қарастырдым. Бұл қосымшаның нұсқалары Android-қа да, IOS-қа да бар. WifiMouse – компьютерді смартфон арқылы басқаруға мүмкідік беретін қосымша. Бұл: • сенсорды тышқан мен пернетақта орнына қолдануға; • компьютерді сөндіруге, сөндіріріп-қосуға, ұйқыға жіберуге; • ойнатқышты басқаруға; • қажет десеңіз Презентацияларды да (Power Point) басқаруға мүмкіндік береді. • Қажетті сілтемелер: • Компьютерге: http://wifimouse.necta.us/ • Android-қа: Wifi Mouse • Iphone-ға: WiFi Mouse • IPad-қа: WiFi Mouse HD Free Төмендегі видеода бағдарламаларды орнату процесін көрсеттім:
Авторы:
droidtar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту