Ескі архив · 23.12.2014 07:13

Мәтінді Word-қа аударудың тез әрі оңай жолы.

ABBYY Fine Reader мәтінді қолмен термеуге көмектеседі. Ол бағдарлама PDF және сканерленген (н/е суретке анық түсірілген) кез келген баспа әріптермен жазылған мәтінді Word-қа аударып береді. Оның кереметтілігі жүзден астам тілде жазылған мәтіндерді тануында. ABBYY FineReader сіздің уақытыңызды үнемдеудің серігі). Бағдарламаны іс жүзінде көру үшін ABBYY FineReader-ды берілген осы сілтеме бойынша жүктеп аламыз. Орындалатын қадамдар: Бірінші: бағдарламаны жүктеп, орнату. Екінші: бағдарламаны баптау (қажетті тілді таңдау). Үшінші: қағаз бетін сканерлеу (мәтінді Word-қа аудару). Қасымда сканер болмағандықтан википедия сайтындағы мақаланы скриндап алдым. Және мәтінді Word-қа жіберген кезде қазақша әріптерден қате кететін жағдайлар болады.
Авторы:
droidtar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту