Ескі архив · 29.12.2014 17:01

Сужүрек 30 шақты бала...

– Сұмдық фильм шыққан сияқты, монтажды тағы бір қарап шықтым. «Өшпенділерді» он орайды мынауың! – деді танауы делдиген режиссердің көмекшісі. – Асықпа, әлі тағы бір сүзгіден өтеді. Тағы алып-қосатыны болар, бірақ енді кеш! – деді режиссер кепкасын басып киіп. – Әйтеуір бір қате тауып алады, соны көркемдік кеңеске кіргізіп жүрген кім? – Қайтесің оны, көркемдік кеңеске кірмек түгіл рөл сұрап мазаны алған жоқ па? Батыр қылайын десем қортық, әйтүп-бүйтіп тапқанымыз сол рөл болды. Не хан деуге, не батыр деуге келмейтін адамды тарихи киноға қалай кіргізе саласың? – Кешегісі енді ұят… – Не істеді? – «Әруақ!» деп жауға шабатын жерлерін ап тастаңдар, ширк болады демеді емес пе? – Еее, «Аттандық, әнас!» деп әйтеуір өзгерттік қой. Әжептәуір киноның нобайы кетті. – Тәкең де кеше көріп сынын айтып жатыр. – Не дейд ол? – «Аты дардай «Мың жарым бала» деген, бірақ жүзге де жетпейтін біреулер шауып жүр» деп… – Оттамасынш сол, көрдік қой соның түсіргендерін. Соның бірдеңе дейтінін білім ем сука. – Сорыстың «Сыболышы» дегенінінің көшірмесі депті, сізді тарихи кино түсіре алмайды дегенді айтыпты. – Шешеңдіс, тағы не депті? – «Аңырақай» шайқасына дайындаламыз!» дейтін жері бар ғой Әбілхайырдың? – Иә? Оған не бопты? – «Менің білуімше, «Аңырақай шайқасы», «Қалмақ қырылған» дейтін жер атаулары сол соғыстан кейін солай аталып кеткен жоқ па еді» депті. Шынымен солай емес пе, өзі? Ойсылқарадан сұрау керек ед, а? – Біллә, анау Ойсылқараң бар, басқасы бар тарихшылар бәрін оқып шықты ғой, солар айтар еді ғой «Былай-былай» деп. Қаям жемесінш біллә. Фильмнің келесі апта премьерасы, енді ештеңе өзгерте алмаймыз. – Білмейм ғой енді, Тәкеңнің айтқандары ғой кеше предпоказда. – Кеше маған басқаша айтып ед, ещщак! – Не деп? – Қайтесің, зайбал?! – Мммм. – Бесінді оқып алдың ба? – Жоқ әлі. – Жүр кеттік, оқып тастап қалғанына отырайық.
Авторы:
hannibal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту