Ескі архив · 21.01.2015 12:15

Оң мен солыңды таны - мінезіңді анықта

1. Саусақтарыңызды бір-біріне кіргізіңіз Ең үстінде қай қолыңыздың бас бармағы тұр? Егер сол болса 1, оң болса 2 санын жазып қойыңыз. 2. Бір нысананы көздеңіз Қай көзіңіз ашық қалды? Егер сол болса 1, оң болса 2 санын жазып қойыңыз. 3. Қолдарыңызды айқастырыңыз Қой қол үстінде? Егер сол болса 1, оң болса 2 санын жазып қойыңыз 4. Шапалақтаңыз Қай алақаныңыз үстінде? Егер сол болса 1, оң болса 2 санын жазып қойыңыз Нәтижелер: «2222» — 100 пайыздық оңқай, тұрақты мінез иесі, консервант, дау-дамайға қатысуға құлықсыз. «2221» — батылсыздық, жасқаншақтық қасиеттер басым. «2212» — адамдармен тез тіл табысып кетесіз, кез келген адаммен. «2111» — тұрақсыз, бәрін өзі істейді, басқалардан көмек күтпейді. «2211» — өте аз кездесетін адам түрі. адамдармен тіл табысу, байланыс құруы оңай, бірақ мінезі өте жұмсақ. «2122» — сараптау, саралау қасиеттері басым. барлық нәрсеге сақтықпен қарайды, айналасына салқындау адам. «2121» — қорғансыздық, басқалардың ықпалына еріп кетуге бейім. «1112» — тез әсерленгіш, қызба адам, батыл, табанды, энергиясы мықты. «1222» — эмоцияға берілгіш, табандылық жетпейді және өмірдегі мәселелерді шешуге батылдық керек, ықпалға еруге бейім. «1221» — жұмсақ мінез, сенгіштік, эмоцияға берілу тән, табандылық жетпейді. «1122» — жылы шырайлы, қарапайым, адамға сенгіш. ойларын қазбалай беруге, сараптай беруге бейім. қызығушылықтары көп, бірақ бәріне уақыты жетпейді. «1121» — адамдарға сенгіш, жұмсақ мінез иесі. шығармалылық адамдарына тән мінез бар. «1111» — 100 пайыздық солақай. шығармашылық басты қырларының бірі. көптеген нәрселерге бейстандарт қарайды. эмоциясы басым, индивдуалист, эгоист. қырсық-қыңыз мінезді, бірақ бұл оған кедергі емес. «1212» — мақсатына жеткіш, табанды, батыл, мінезі, рухы мықты адам. «1211» — достары аз, тұйық, жабық мінезді болып көрінгенімен алға қойған мақсатына жеткіш. «2112» — еркін, жеңіл мінезді. достарды оңай табады, таыстары да көп. көп нәрсеге қызығады және қызығушылықтары өзгеріп тұрады.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту