Ескі архив · 09.02.2015 15:14

ЖАУАП

Көктемді күтем дегенше, Қой қоздап кетті дегейсің. Өртеніп бітем дегенше, Ой маздап кетті дегейсің. Суықтан тоңдым дегенше, Жаурады жаным дегейсің. Жалғанға сендім дегенше, Алдады бәрі дегейсің. Өртеніп біттім дегенің- Болмады сенер ешкімің. Көктемді күттім дегенің- Көрдің ғой оны кешқұрым. Жалғанға сендім деген үн, (Сен емес болсаң, кім деймін...) — Не дейсің бұған, Өлеңім?! — Білмеймін..! Әлия Іңкәрбек
Авторы:
AliyaInkarbekova

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту