Ескі архив · 30.04.2015 10:28

Сәуірдегі сезім

Көңілге де әр берді тамаша бір, Наурыз көшіп туылған бала сәуір. Күн еріншек боп алды, түн асығыс, Кештеу жағып жүр содан қала шамын. Кәрі кетті қаңтардың, ақпанның да, Тоқымдай-ақ қап қойды ақ қар шыңда. Жылу жетіп жасылын жамылды жер, Өрік гүлдеп, жаңғақ тал таққан сырға. Тарыдай мұң жүрекке ауыр келед, Жылу жетсе жаныңа тәуір медет. Кештеу жанған шамдайын сезіміме, Ойға батам себепкер сәуір ме деп? Тоқым қардай шыңдағы кірсіз бе арың? Сенің жоғың – сәуірдің гүлсіз хәлі. Сақтамашы сәуірге, Жүрегіңнің, Тастап кетіп қаңтарға жүрші ызғарын.
Авторы:
ZhanuzakOrazbay

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту