Ескі архив · 22.07.2015 16:20

АЯЛДАМАДА

Біреу келе жатыр. Ал, ол менмін, ештеңе жоқ ойымда, Сүйрелеген жай жетегім. Дыңылдаумен тұрған көше бойында, Ыңылдаумен әндетемін: на-на-ней! Екеу келе жатыр. Көздерінде ашудың бар оттары, Айқайласты жойқын ақыр. Сол біреуі шешесінен боқтады, Ал, біреуі айтып жатыр: на-на-ней! Такси келе жатыр. Жолаушылар тұр қалжырап, мұң артып, Бәріміз бір жол алғанбыз. Автобуспен барғанымыз мың артық, Таксилер ме? Олар нағыз: на-на-ней! Ол да келе жатыр. Ақ автобус есік ашты іркілсіз, Бірақ, басқа ол кетуге. Тосып тұрған бәріміз де үнсізбіз, Бейбіт Қорған әндетуде: на-на-ней! Кемпір келе жатыр. Ақ шаш пенен әжім құшқан күй енді, Қолында бар ала қасқа. Өзі болса бір ағашқа сүйенді, Иті болса сол ағашқа: на-на-ней! Тағы келе жатыр. Көк автобус терезесін түсірген, Біз бармайтын жол ап егеш. Заттыбектің даусы шықты ішінен, Әндетумен, бірақ емес: на-на-ней! Бір қыз келе жатыр. Әп-әдемі, қыз біткеннің жан гүлі, Сөз жетпейді баянына. Көрігіне тамсануда барлығы, Ал, ит болса аяғына: на-на-ней! Біреу келе жатыр! Ал, ол менмін, күтіп төзбей межеге, Үйге қарай қайтып желем. Ырқ-ырқ етіп ырқылдаған көшеде Бұрқ-бұрқ етіп айтып келем: на-на-ней!
Авторы:
a87771683232

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту