Ескі архив · 29.07.2015 03:37

Уайтхиллдық Фөсткәпитэлде

Көрші жатқан қалаларды аралау өз жалғасын табуда. Әдетте ЖЖ күтетін мен жаз мезгілінде жолға шығу жайлылығын пайдаланып қалуды жөн көрдім. Кезекті шағын фотореп Орынбор қаласына арналад. Шілденің 11-ші жұлдызы. Қазақтың бұрынғы тұңғыш астанасына да жеттік. Ақтөбеден солтүстікке қарай 270 шақырым жерде. Жолға 4 сағат кетті, оның біреуі кедендік өткізу бекетінде. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізінің бір бөлшегі. Ақтөбеден Жайсанға дейінгі жол жібектей болса, Ресей шекарасынан өтіп Ақбұлақ пен Тұзтөбеге дейінгі жол дөңгелектерге массаж болды. Ал Тұзтөбеден кейінгі жол — болад. Орынбор тарихы мұражайы, үлкен сағат қасында отырған Пушкин А.С. Ұшқыш әрі жойғыш-сынаушы В.П. Чкаловқа арналған ескерткіш «Еуропа-Азия» көпірі, бөліп тұрған Орал өзені Орынборға келіп тұрып мынадай стильдегі көріністі түсірмей кету — күнә.) Советская көшесі Тұңғыш мұғалім ескерткіші XVIII ғасырдағы Ресей шенеунігі, географ-өлкетанушы, Ресей ғылымдар академиясының бірінші мүше-тілшісі П.И. Рычковқа ескерткіш Я спросил у «Тополя»… (орталық саябақ) «Сайтан доңғалағы» дейді sozdik.kz Сахнада сігән биі орындалып жатыр, саябаққа келушілер арасында қазақтарды сирек кезіктірдім «Оренбургские горки» Қазақстан + Қытай Музыкалық комедия театры (көлікпен бағдаршамда тұрып түсірілген) Әскери-тарихи көрме кешені Орынборда қуғын-сүргінге ұшырағандар құрметіне алтын түсті періште Жылдың әр саладағы үздік адамдары Вокзал ауданы Бір мезетте Еуропа мен Азияда тұрған Сауда және ойын-сауық орталықтары ТС сауда орталығы М Әрі қарай солтүстікке – Башқұртстан астанасы Үфіге қарай жүруге уақыт та, жанармай да, рубль де қалмады. Сенбіден жексенбіге қараған соң арғы жағынан еріксіз дүйсенбіге де қарап қалғасын кейін қайттық. Оның үстіне РФ-тың автосақтандыруын да жасап алмадым. ПыСы: Бұл жолы суреттердің барлығы «мобила»-ға түсірілді. Ал Орынбор тарихына қатысты уикипедияшылар нанын ұрлауға еріндім. Қала да толық араланбады. Жазғы сылбырлық өз күшінде)
Авторы:
MickThatsMyNick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту