Ескі архив · 07.08.2015 19:48

Көңілдестерім. Бастығым Жәрмен шал

— Көзіңнің асты ісіп тұрған сияқты ғой?! — Ұйқым қанбағаннан шығар… — Бәлкім, азаннан іңірге дейінгі жұмыстан шаршап жүрген шығарсың, олай болса, қысылмай айта бер. Демалысқа жіберейін, тынығып кел. Мүмкін, жалақың ауыспай жүр ме? Олай болса да айт, қарғам. «Қарғам» сөзін қаншалықты мейірмен айтса да, көз алдыма қураған талды сүйкімсіз тырнақтарымен бүре ұстап, далалықта үлкен дәретін сындырып отырған қойшыны аңдып отырған қара құзғын келе қалды. Денем тітіркеніп, оған алара қарадым. Денесін кәрілік деңдесе де бойын әлі тік ұстайтын ол орынынан көтеріліп, кабинет ішін әрлі берлі кезіп жүрді. — Сен сияқты еңбекқор қызметкеріміздің шаршап, көңілсіз жүргенін көру басшы ретінде маған да оңай емес. Айтсаңшы, құлыным-ау, қандай жағдай жасап берейін? Соңғы кездері көңілімді аулағысы келіп, әр түрлі сылтаумен кабинетіне шақырып алып, жеке өміріме тұмсығын сұғып, жағымпазданып жүрген бұл бастығым Жәрмен әбден жүйкеме тиіп болды. Басымды көтеріп бетіне қарадым да: — Сіз әлі жыныстық қатынаспен айналысасыз ба?-дедім. Енді тұтатқалы жатқан шылымы ауызынан түсіп кетіп, тұтатқышын мұртына басып алып, бөлме ішін үйітілген сирақтың иісі алып кетті. Қаққан қазықтай орынында қатты да қалды. Өзінің адам екенін, сөйлей алатынын бір сәтке ұмытып та қалды. Арада уақыт өткенде барып, есін жиып: — Анда санда...- деп міңгірледі. Қыз-қырқынға қылмыңдап, көзбен ішіп жеп, тілмен бір түйреп өтіп, ойша шешіндіріп, өзі би, өзі қожа болып жүрген кәрі қоразды іс жүзінде көріп, қолынан түк келмейтінін дәлелдеп мысын басқым келіп кетті. Кешкі тамаққа үйіне шақырды. — Бас мүжіп, құлақ жеп отыратын уақытым болмауы мүмкін, дастархан жайып әуре болмаңыз,- дедім. Бойыма біткен батылдыққа өзім таңданып қоямын іштей. Жәкеңді есінен әбден алжастырайын деген оймен шілтерлі іш киімімді киіп алып, үйден шықтым. Шал дегенім отыздағы орда бұзатындарыңнан артық таранып алған. Күмілжімей алдын ала бәрінің басын ашып алғандықтан, оның да бойына батылдық біткен, табалдырықтан аттай бере білегімнен тартып мойынына орап жіберді де, шыр айналдырып төргі бөлмеге сүйрей жөнелді. Тангоның әуені де ойнап қоя берді. Бөлмедегі майшамдардың оттары одан сайын кештің әсерін қыздыра түскендей діріл қағады. Бокалдарға құйып қойған шарапты батылдық үшін деп бірінен соң бірін дем алмастан қағып салдым. Өзім бастаған ойыннан өзім қорқа бастағанымды бойыма тарай бастаған шарап лезде залалсыздандырып тастады. Белімнен қапсыра құшақтаған күйі шыр айналдыра көтеріп алды. «Белің шойырылып, құлап түспейсің-ау» деп іштей табалап қоямын. Жоқ, шал дегенім мен ойлағаннан да қайраттылау екен. Мамық төсекке бір ұрып лақтырғанда, өзімнің белім шойырылып қала жаздады. Әншейінде көзәйнегін жарты сағат бойы аса ұқыптылықпен сүртіп отыратын биязы шалың төсекте озбырлықты қалайды екен. Мен де қалыспадым. Төсекте төрт тағандап тұрған күйі аса жыртқыш көзқараспен қарап тұрып ырылдап жібердім де, секіріп барып үстіне отыра қалдым. Шал жымың-жымың етіп, бетіне қан жүгіре бастады. Әншейінде «Айналайын, қарағымнан» артық сөзге жоқ аласақалым «Ах, сучка! Құрбандығғғғ...» деп еліре айқайлап, көздері алара түсті. Әрі қарай ойынды жалғастырсам, таңға дейін аңдар ойынын рахаттана ойнаудан тайынбайды шалың, кезінде театр режиссері болған ғой. Ары қарай ойнауға еріндім де шешініп тастап, бірден іске көше бастадым. Үстіне қонжия қалып, бір-екі рет белімді айналдыра шығыс биін билегенде-ақ шалдың шаруасы шешілді. Көзі аларып, бойынан тер саулап, мұрты жыбыр-жыбыр етіп қатты да қалды. Киініп үйге кетейін деп жинала бергенім сол еді, стол үстіндегі шоколадты нұсқап: — Саған алдым, ала кет, үйге барып асықпай шай ішерсің, — деді. Жылтыр қағазды шоколадты ала бере астынан көк қағазды доллардың бес алты данасы сусылдап жерге түсті. Алмаймын деп қызарақтап, ұят сақтаудың жаңағы ойындардан кейін ақылға қонымсыз екенін білдім де, асықпай ұқыптылықпен оларды жинап алып, сумкама салдым да, үйден шығып кеттім. Ертеңгі күні кадр бөліміне барып, еңбек демалысына арыз жаздым да, «Қайдасың, Дубай?» деп шетелге тартып кеттім.
Авторы:
Juka

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту