Көңілдестерім. Әріптесім Әділет
Бір әріптесіміз үйленіп, соның тойында бәріміз бас қостық. Бастық Жәрменнің жанына ақша жүзді, кең маңдай, көрікті бәйбішесі отырған. Тым сабырлы, бойында ақсүйектікке тән мінезі адамды еріксіз баурап алады екен. «Қызым, қызым, айналайыным» деп маған мейірін төгіп, өзіне жақын тартып отырды. Мен де «Әпкееее» деп наздана сөйлеп, әңгімеміз жарасқан сайын Жәрменнің мазасы қаша бастады. Маған алара қарайды, біресе жаңа көргендей таңдана қарайды, бір кезде ұры мысықтай аңдып қарайды. Менің екіжүзділігіме іштей таңдай қағып, ішегін тартып таңырқап отырғанын сезіп отырмын. Оны сирақтары ұзын есепші қыздың артынан жүгіріп кеткені үшін біраз жазалап алғым да келді.
— Әпкеее, басекеміздің қартаймай, жайраңдап жүргені сіздің арқаңыз екен ғой.
— Осы адамның тілеуін тілеп, алақанымызда ұстап, баптап отырған жайымыз бар,-деп әпкем де жымиып қояды.
— Әрине, сіздей аяулы әпкемнің арқасы ғой, басекемнің қайраты тасып, тау қопарардай болып жүргені,-деймін мен де әдейі.
Жәрмен ішіп отырған шайына шашалып қалды. Абыржып, мазасы қашты. Ақыры той аяқталмай кемпірін жетектеп, үйіне кетті.
Ол кеткен соң аңдығаным Аслан болды. Оның жанында әйелі жайғасып алған. Өзі қаншалықты ақжарқын, көпшіл болғанымен әйелі түк түсінбейтін мақау ма деп ойладым. Аслан әдеттегідей түрлі анекдот айтып, жан-жағын күлкіге көміп отыр. Анекдоты аяқталмай жатып, әйелінің тырқылдай күліп, күйеуінің сөзіне жағаласып, өзі аяқтап тастайтынына қарап «Ееее, бейшара» деп қоямын. Күтімсіз, өзіне қарамайтын әйел екені көрініп те тұр. Жеген тамағын күрек тістерімен жейді екен, азу тістері пайдасыз болар деп шамаладым. Аузын ашып күлгенде байқадым, күрек тістері де боулингтегі құламай қалған кегльдер тектес. Асланның құшағында рахаттанып ыңырси аузын ашқанда… Үууу, түрінің қаншалықты сүйкімсіз болатынын да елестетіп үлгердім.
Бойға тараған шараптың күші банкеттің жалғасын қалап тұрды. Көңілімде болған екі еркек өз әйелдерімен кетті. Тағы бір әріптесім Рахат отырыс басында маған комплимент айтып, биге шақырып, көңілі кетіп отырған. Тамырлары көрініп тұратын қайратты білектеріне қарап, жүрегім бүлк етіп те қойған. Той аяқталғанда араққа әбден тойып алып, мейрамхананың қараңғылау тұсында құсып отырғанын көріп, көңілім әп сәтте басылды.
— Жуля, кетпе. Мен… қазір, қазір,-деп тәлтіректеп артымнан қалмайды.
Бастықтың кеңесшісі Әділетті жетектеп алып тайып тұрдым. Әділет бейшарада қайда барамыз, өзге шаруам бар деп қарсылық таныту табиғатында болмаған. Қатты сөйлесең жылап қоятын момын балаға ұқсас. Айтар сөзін адамның бетіне тура қарамай, қызарақтап, көзі жасаурап отырып әрең жеткізеді. Жасқаншақтығы соншалық, бірнәрсе айтарда басын қасиды, немесе бетін тырнайды, құлағын ұстайды, көзәйнегін шешіп сүртіп отырады, әйтеуірі емін-еркін бетіңе қарап отырып ойын айта алмайды.
Шараптың қызуына елітіп, қолтықтап ұстап алдым. Бейшараны одан сайын жанын қыса түскім келіп, саусақтарымды қимылдатып, қолынан сипап қоямын. Ондай кезде әңгімесін кілт үзіп, не істерін білмей абдырап қалады. Такси тоқтатып отырдық. Менен қашып, таксидің алдына отырмақшы болған, өзіме қарай тартып жаныма отырғыздым. Үйімнің қаланың шет жағында болғаны жақсы болар ма, барғанша әбден есін шығардым. Иығына омырауымды тіреп, жақындап отырып алдым. Тіпті бойының дірілдегенін де сезіп отырдым. Қолынан ұстап, екі санымның ортасына салдым. Саусақтарын әлсіз ғана қимылдатқаны болмаса, артық қимылға бармады. Қолын алмаған күйі екі аяғымды айқастырып алдым. Қолымды ақырын екі аяғының ортасына апарып едім, бәтшағарың үндемей отырып өзімен өзі қозып отыр екен – қамшының сабындай (қысқа деген мағынада емес) қап-қатты мүшесі алақаныма тірелді. Көзін жұмып, ақырын ғана «Үхх» деп күрсінді. Күрсінісінен тәп-тәтті ләззаттың иісі аңқиды. Әрине, ертеңгі күні жұмыстан көргенде ақталатындай сылтау, қарайтындай бет қалсын деп бұл әрекеттердің бәрін мастықтан істеп келе жатқандай сыңай таныттым.
Әкеліп тастаған таксиге отырып кері кетіп қалуы да мүмкін оның, соны алдын ала ойлап құшағымнан жібермедім. Бесінші қабатқа мына түріммен көтеріле алмайтынымды айтып, мойнына асыла түстім. «Дәлізде қараңғы, қорқамын» дедім. Әншейінде түн ортасында ұйқым қашқанда қап-қараңғы дәлізге шығып, шылым шегіп отыратынымды қайдан білсін?
Үйге кіргенде жарық жақпадым. Қолынан жетектеп қонақ бөлмеге алып келдім. Теледидар қосылып қалып кетіпті, бірақ құр быжыл ғана. Сөндірмедік.
Оның диванға отыра бергені сол еді, тізесіне қарама қарсы отырып алдым, етегі кең көйлегім жайылып, ешқандай кедергі келтірмеді. Жалаң санымның жылуын сезгендей ол да белімнен құшақтап өзіне тартты. Ернімнен ақырын сүйді. Сосын мойынымнан, кеудемнен. Асықпайтын, өзіне сенімсіз қимылдары жаныма жағып та қалды. Бойыңа алаулаған от емес, шоғы әлсіз ғана жылу тастап, өне-бойыңды қытықтайды екен. Көзілдірігн шешті, сосын жейдесінің түймелерін. Ол әрібр түймесін санап шешіп болғанда, менің тез-тез шешіп лақтырған көйлегім есіктің тұтқасына ілініп тұр еді. Кеудесі жып-жылтыр, ер адамға тән бір қыл да жоқ екен. Есін шығарып ұзақ сүйдім де, ерінімді денесінен айырмастан төменге қарай жылжыдым. «Тістемеші» деді ақырын ғана. О, бейшара, талай еркек есі кетіп аңсайтын ләззаттың бұл түрінің қадірін білмейді екен. Тістеп емес, сорып жатыр едім. «Иттің ішіне сары май жақпайды» дейді мұны қазақтар. Төсекке жатып, кең көсіле шапқан жоқпыз, диванда отырған күйі бастадық бәрін. Әбден әурелеп, қоздырып алғандыкі ме, ол тез бітірді. Бойынан сөлі кеткенмен әлі жата қоймаған мүшесінің рахатын сезініп алуға тырысып, орынымнан тұра қоймадым. Әбден езіліп, өлген қойдың тілі сияқты былшырап қалғанда ғана орынымнан тұрып, жуынатын бөлмеге кеттім. Жуынып жатсам, ол да кіріп келді. Бойына батылдық тараған екен. Душтың қабығасына теріс қаратып қойып, қайтадан бастады. Ыңырси айқалағыным жанына жағып барады-ау деймін, шашымнан тартып, құйрығымнан соғып-соғып қояды. Шыңғыруға тұрмайтын болса да не қылар екен деп шыңғырып қоямын, ол одан сайын жаны кіріп, делебесі қозып, төбелеске дайындалған әтештердей қоқырайып өзінше болып алған. Жасқаншақ адамның аяқ астынан өзін батыр сезініп, қопаңдағаны да қызық екен. Е, бейшара, бұл да Құдайдың сүйген құлы ғой, бұл фәнидың рахатын бір кісідей-ақ көріп кетсінші деген оймен бұл секс өзіме қызық болмаса да, ыңырсып, шыңғыра бердім.
