Ескі архив · 02.09.2015 17:03

Елордада қызылшаға қарсы иммундау жүргізу үшін 150-ге жуық жылжымалы бригада құрылған

Астана қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Е. Аманшаевтың жетекшелігімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы жұқпалы ауруларды төмендету бойынша штаб отырысы өтті. Жиын барысында 15-19 жас арасындағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу мәселесі қарастырылды. Аталмыш кампанияны өткізу үшін сапалы жағдайлар жасау, иммундау мерзімі, екпе қабылдағаннан кейін міндетті медициналық бақылау жүргізу, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер қарастырылды. Қазіргі уақытта 21 580 жеткіншекке вакцина салу мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай, қаланың 10 емханаларында және 7 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, сондай-ақ 110 білім беру ұйымдарында 127 екпе салу бөлмелері мен иммундау жүргізу үшін 142 жылжымалы бригадалар құрылған. astana.gov.kz
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту