Ескі архив · 09.09.2015 14:45

Ернар, Атыраудан кілең осындай әншілер шыға ма? Сайлаубек, "Қара жігіт")

Атыраулықтар, мына қазақты танисыңдар ма? Атыраулық мұнай магнатының баласы дейді. Сүйген қызының жүрегін жаулап алу үшін «Yellow Table» деп аталатын K-pop стиліндегі психоделикалық бейнеклипті түсіріпті. Бүркеншек есімі "Қара жігіт". K-pop – Оңтүстік Кореяда пайда болған, батыстық электропоп, хип-хоп пен биге арналған музыканың, ритм-блюздің қосындысынан тұратын музыкалық жанр. Алғашқыда музыкалық жанр ретінде пайда болған К-рор кейін бүкіл әлем бойынша миллиондаған табынушысы бар музыкалық субмәдениетке айналды. Rolling Stone америкалық музыкалық журналының жазуынша K-pop батыстық сәнді музыка мен энергиясы жоғары жапондық поптың қосындысы. Мұның орындаушылары тыңдаушылардың жүрегін жаулау үшін мәтінге жиі қайталайтын ағылшын тіліндегі сөздерді қосуымен ерекшеленеді депті білетіндер.
Авторы:
Erbol

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту