Ескі архив · 14.09.2015 17:55

Бүгін түнде елордада үсік жүреді

Бүгін түнде Астанада ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді. Осыған орай синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Мамандардың айтуынша, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ал алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендеп, үсік болады. Батыста жаңбыр жаууы мүмкін. Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: -Ертең Астанада жауын-шашынсыз, түнгі температура – +1+3, 1 градустай үсік күтіледі. Күндізгі температура +14+16 градус жылы. 16-17 қыркүйек күндері Астанамызда жауын-шашынсыз, түнгі температура – +5+7, күндіз – 16-18 градус жылы. сілтеме
Авторы:
Qazaq-eli

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту