Ескі архив · 17.09.2015 15:28

Жүрдек пойыздарға жеңілдіктер жарияланды

«Қазақстан темір жолы» АҚ жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер жариялады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап төмендегі бағыттарда қатынайтын пойыздарға «Турист», «Бизнес» және «Гранд» вагондары бойынша 40%-ға дейін қосымша жеңілдіктер енгізіледі: Сонымен қатар, бұрын енгізілген тиімді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 санатына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады: • «Құрмет» – 60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%; • «Жастар» – 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%; • «Саяхатшы» – тұрақты жолаушылар үшін 10%-дан 20%-ға дейін. Енді бұдан былай жаңа жеңілдіктердің арқасында дисконтты карталары бар жолаушылар «Бизнес» және «Гранд» вагондарын билет алса, жалпы көлемі 70 пайызға дейін жеңілдікті иелене алады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту