Ескі архив · 21.09.2015 19:13

Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн

Астанада фотоэлектр модулдерін немесе күн батареяларын шығаратын зауыт жұмыс істейді. Шикізат ретінде отандық кремний пайдаланылады. Зауыттың жылдық қуаттылығы — 50 МВт. Күн батареяларын шығару тұтастай Қазақстанда жүзеге асырылады және негізгі шикізат — кремний өндіруден бастап ол үш кезеңге бөлінеді. Рустам Османбеков, «Astana Solar» ЖШС жөндеу инженері: – «Astana Solar» – Қазақстанда фотоэлектр индустриясын дамытудың тік интеграцияланған жүйенің «KazPV» деп аталатын тізбегінің бір түйіні. Бұл жоба үш кезеңнен тұрады: Алматы обл. Үштөбе қ. шикізат өндіру, онда кремний өндіріліп, екінші кезең Өскемен қаласына жіберіледі. Кремний түрлі қоспаларды тазарту арқылы өңделеді, содан кейін блоктар дайындалады, ұяшықтарға бөлінеді — күн ұяшықтары жасалады. Кейін олар Астанаға жеткізіліп, соңғы кезеңде дайын өнімі — күн модулдері дайындалады. Зауыт толығымен автоматтандырылған. Қол еңбегі аз пайдаланылады, негізінен, жұмыс барысын бақылау және өнім сапасын тексеру кезінде ғана. Зауытта шығарылған батарея 25 жылға дейін жұмыс істейді. Кәсіби кадрлар — «Astana Solar» ЖШС мақтанышы, мұнда түрлі саладан 200 жуық қазақстандық маман жұмыс істейді. Зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 8 сағаттан екі ауысыммен 25 адамнан тұратын 4 өндірістік бригада бар. Зауыттың өнімділігі – сағатына 30 модульді, тәулігіне – 240 модульді құрайды. Кәсіпорын жылына қуаттылығы 50 МВт-тық дайын фотоэлектр модульдерін, 217 000 астам фотоэлектр модулін шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай еуропалық автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталған. Айта кетейік, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуіне және «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға орай жобаның өзектілігі артады. Рустам Османбеков, «Astana Solar» ЖШС жөндеу инженері: – Біздің зауыт үшін мұндай шара өте маңызды. Өйткені басқа елдерде баламалары бар, бірақ біз сапаға кепіл береміз. Сондай-ақ орналасқан жері де тиімді, біз әрқашан да көмектесеміз және кепіл береміз. Еліміздің әрбір тұрғыны отандық өнімді және «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдауы қажет. Зауыттың құрылысы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстанның Индустрияландыру картасының бөлігі болып табылады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту