Ескі архив · 22.09.2015 08:24

Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9,5 % артты

Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, 2015 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 96,9 мың бірлікті құрады. 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім — 9,5%. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 234,8 мың адам (2015 жылдың І тоқсанында) жұмыс істейді, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 17,8% артық. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері 83,9 млрд теңгені құрайтын 470 жоба, ал 2015 жылы жалпы құны 11,4 млрд теңгелік 57 жоба мақұлданды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту