Ескі архив · 22.09.2015 11:44

Құрбан айт Астанада: НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

24.09 Елорда мешіттерінде сағат 7:45-те айт намазы 25.09 «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «Сәдуақас Ғылмани» мешіттерінің ауласында жалпы жұртшылыққа арналған мерекелік жәрмеңке; Ұлттық спорттық ойындар сайысы; Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы; Қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты рухани кеші. 24-26.09 Астана мешіттерінің қызметкерлері қаладағы мұқтаж жандардың үйлеріне арнайы барып, айт мерекесімен құттықтап, азық-түлік және құрбандық еттерін таратады; Ауруханалардағы сырқат жандардың көңілін сұрап, айттық сыйлықтар тарту етіледі; Қала мешіттерінің қызметкерлері Астана әкімдігімен бірлесе отырып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіреді. Астана қаласы әкімдігі бекіткен мал сою орындары: 1. «Алтын таға» базары (Қосшы), 2. «Пищекомбинат-Астаналык плюс» ЖШС, Дулатов к., 191; 3. «Нұрбереке 555» ЖШС, «Алаш» тас жолы, 30 («Көк базар»); 4. «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы); 5. «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана-Павлодар» тас жолы, 9 км; 6. «Темеш» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы, 7 км; 7. «Есжанова А.» ЖК «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі («Алаш» базарының артында); 8. «Мақсат -2007» ЖШС, «Теміржолшылар» ТА, Ақжар к., 20. Тәкбір тәшриқ Арафа күні таң намазының парызынан кейін басталып, Құрбан айттың төртінші күні екінті уақытына дейінгі болатын әрбір парыз намаздың соңынан мына дұғаны оқу уәжіп саналады: «Аллааһу әкбар, Аллааһу әкбар, ләә иләәһә иллаллааһу уаллааһу әкбар, Аллааһу әкбар уа лиллааһил-хамд».
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту