Ескі архив · 23.09.2015 23:44

Құқық бұзушылыққа қарсы акция өтеді

Астанада 28-30 қыркүйек аралығында «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты кең ауқымды акциясы өтеді. Қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша шаралар үнемі жүргізіледі. Жыл басынан бастап 80 мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ұсақ бұзақылықтың – 3,4 мың, тыныштықты бұзудың – 7 мың, алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық орында мас күйінде болудың – 16,2 мың, белгіленбеген орындарда темекі шегудің – 12 мың, тазалық тәртібін бұзудың – 14,8 мың және бегіленбеген орындарда саудамен айналысу 3,5 мың фактісі тіркелді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту