Ескі архив · 27.09.2015 16:18

Астанада биыл атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі – 261 млрд 582,7 млн теңге

Биыл қаңтар-тамыз аралығында Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 261 582,7 млн теңге сомасында құрылыс жұмыстарын орындады, деп хабарлады Астана қаласының Статистика департаменті. Орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің 62,9% ең жоғары үлестік салмағы жеке меншік мердігерлік ұйымдарға, ал 37%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға тиесілі. Мемлекеттік мердігерлер жалпы көлемнің 0,1%-ын орындады. Атқарылған шаруалардың 97,2%-ы құрылыс-монтаж жұмыстары, 1,7%-ы күрделі жөндеу, қалған 1,1%-ы ағымдағы жөндеу. 136987,7 млн теңгеге тұрғын және тұруға арналмаған ғимараттардың құрылысы жүргізілді. Мамандандырылған құрылыс жұмыстарында 20554,9 млн теңге игерілді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту