Ескі архив · 05.10.2015 13:32

A red, red rose

Махаббат — раушан гүліндей бағымда менің жайнаған. Махаббат — мәңгі әнім бұл, Бойымда дендеп жайлаған. Көркіңе сенің ғажайып, Таппадым теңеу шарқ ұрып. Махаббат оты сөнбейді, Кетсе де теңіз тартылып. Кетпес қой теңіз тартылып, Құламас жартас, тауың да. Сырғиды уақыт білінбей, Кұм көшкендей дауылда. Хош, енді, хош бол, сүйіктім. Бақытты бол, мұңайма. Оралармын өзіңе, Өткенімен жыл, айлар. Мұхтар Айзат, 8-сынып оқушысы. 15.05.2008
Авторы:
aizat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту