Ескі архив · 12.10.2015 23:10

Мүмкіндігі шектеулілерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Мүмкіндігі шектеулілерді жұмысқа орналастыру айлығының шеңберінде 22 қазан күні Жұмыспен қамту орталығында кембағал жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл қайырымды шараға елорданың 20-ға жуық жұмыс беруші мекемелері қатысады. Олар мүгедектерге күзетші, есепші, полиграфия және тағы да басқа жұмыс орындарын ұсынбақ. Жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» әлеуметтік бағдарламасы және басқа да салалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріледі. Ұйымдастырушылар астаналықтарды Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайында 22 қазан күні сағат 10.00-13.00 аралығында күтеді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту